$ 448.15  483.46  4.86

«Қытай бірнеше жыл бойы АҚШ-ты өз мүддесіне пайдаланып келді» - Дональд Трамп

Оның айтуынша, америкалықтарды қол қойылған келісімді қайта қарау қызықтырмайды.
фото: tv.rbc.ru
фото: tv.rbc.ru

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытаймен жасалған сауда келісімінің бірінші фазасын қайта қараудан бас тартты, деп хабарлайды Bairaq.kz.

Қытайдың The Global Times басылымы АҚШ президентінің кеңесшілерін кінәлап, қытайлық тарап келісімді өз мүддесі үшін өзгертуге ұмтылмайтыны туралы мәлімдеді. 

«Біз келісім жасадық. Мен бұдан хабардармын. Олар сауда келісімін өздеріне ыңғайламақшы. Жоқ, бұл мені қызықтырмайды. Біз олар келісімдегі міндеттерін орындайтынына көз жеткізіп алайық», - деді Трамп. 

Оның айтуынша, америкалықтарды қол қойылған келісімді қайта қарау қызықтырмайды. 

«Мен Қытайға наразымын. Олар коронавирусты басында тоқтатуы керек еді», - деді президент. 

Журналистер Трамптан америкалық ғалымдарға жасалған кибершабуылдың қытайлық билікпен байланысы туралы пікір білдіруді сұраған.

«Қытай бірнеше жыл бойы АҚШ-ты өз мүддесіне оңтайлы пайдаланып келді», - деді ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары