$ 444.22  476.38  4.82

Ми-8 әскери тікұшағы апатқа ұшырады: қайтыс болғандар бар

Қорғаныс министрлігінің мәліметіне сай, ӘҒК Бас қолбасшылығының комиссиясы оқиға орнына аттанды.

Мәскеу түбіндегі Клин ауданында Ми-8 әскери тікұшағы құлады, деп жазады КТК арнасына сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл мәліметті сейсенбі күні РФ Қорғаныс министрлігі журналистерге берген.

"19 мамыр күні Мәскеу уақытымен 20:00 шамасында оқу-жаттығу ұшуын орындау кезінде Клин елдімекенінен 20 км жерде Ресейдің Әуе-ғарыш күшіне тиесілі Ми-8 тікұшағы иен далаға құлады. Экипаж түгел қаза тапты", - деп хабарлайды ведомстводан.

Қорғаныс министрлігінің мәліметіне сай, ӘҒК Бас қолбасшылығының комиссиясы оқиға орнына аттанды. Алдын ала дерек бойынша, апат техникалық ақау салдарынан болған.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары