$ 494.87  520.65  4.91

Қырғыз-тәжік шекарасында бір ай ішінде екінші атыс болды

Салдарынан, 2001 жылы туған қатардағы жауынгер Давлатёр Миронбекович Зоиров аяғынан жараланған.
фото: kabar.kg
фото: kabar.kg

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарашылары екі ел шекарасында атыс ұйымдастырды. Енді екі ел өкілдері аталған дерек бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы жексенбі, 24 мамырда Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз орталығы мәлімдеген, деп хабарлайды tengrinews.kz, Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Қырғызстандық шекарашылардың сөзінше, «Ворух» тәжікстандық анклавының тұрғындары Баткен облысы, Баткен ауданы Мойнок елдімекенінде мал бақпақ болған. Қырғыз шекара қызметінің наряды бұл әрекеттің алдын алмақ болғанда, Тәжікстан жақтан белгісіз біреу оқ атқан.

Сөйтіп, жергілікті уақыт бойынша сағат 11:40-та Қырғызстан мен Тәжікстан шекарашылары арасында қысқа атыс болған. Қырғызстан тарапынан ешкім зардап шекпеген.

Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметі баспасөз орталығының мәліметі бойынша, бүгінде атыс болған қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай тұрақты.

Ал Тәжікстан шекара қызметінің мәліметінше, бұрын қол қойылған келісімге қарамастан, таңғы сағат 10:30-да қырғыз малшылары Қырғызстанның Чичилик ауылымен шектесетін Исфара қаласы Ворух ауыл жамағатындағы Пули Офотбруя деген жерде Тәжікстан аумағына кірген. Сөйтіп, сонда тұратын тәжік азаматтарымен жанжалдасқан.

Пули Офотбруя ауылының тұрғындары қырғыз азаматтарының бұл заңсыз әрекетіне қарсылық көрсетіп, ауылдан тез кетуін талап етеді. Қырғыз тарапы екіжақты келісімді сақтаудың орнына, оқиға орнына шекарашыларды жіберген. Олар қарусыз ауыл адамдарына оқ жаудырады. Салдарынан, 2001 жылы туған қатардағы жауынгер Давлатёр Миронбекович Зоиров аяғынан жараланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары