$ 448.15  483.46  4.86

Коронавирустан көз жұмғандардың аты-жөндері газеттің 1-бетіне шықты (ФОТО)

Газеттің алғашқы бетінде басылым дерегі, тақырып және қайтыс болғандардың аты-жөні мен некрологтар үзіндісінен басқа ешқандай мақала жарияланбаған.
фото: slovo-kiev.com.ua
фото: slovo-kiev.com.ua

New York Times басылымы жексенбі күні алғашқы бетінде коронавирус инфекциясынан қайтыс болған адамдардың аты-жөндері мен некрологтар үзіндісін жариялады. Басылым осылайша індеттен қайтыс болғандарды еске алған, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

«АҚШ-та адам өлімі 100 мыңға жуықтады, орны толмас қасірет» делінген алғашқы бетте.

Газеттің алғашқы бетінде басылым дерегі, тақырып және қайтыс болғандардың аты-жөні мен некрологтар үзіндісінен басқа ешқандай мақала жарияланбаған. Газет қызметкерлерінің айтуынша, олар қайтыс болғандардың аты-жөндерін жариялап қана қоймай, некрологтарды да басуды жөн көрген. New York Times редакторлары оларды аймақтық басылымдардан тапқан.

Соңғы ақпарат бойынша, АҚШ-та 98 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болған. Бұл – әлемдегі ең жоғары көрсеткіш. Шамамен 30 мың өлім Нью-Йорк штатында тіркелген.

Соңғы кезде бірқатар штаттарда (арасында Нью-Йорк те бар) коронавирус жұқтырғандар мен вируспен байланысты адам өлімі азайып, билік кейбір карантин шектеулерін алған.

Нью-Йорк штатында сенбі күні 84 адам коронавирустан қайтыс болды. Бұл – соңғы апталармен салыстырғанда, ең төмен көрсеткіш. Эпидемияның шарықтау шегіне жеткен кезде, яғни сәуір айының басында Нью-Йоркте күніне 800-ге жуық адам қайтыс болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары