$ 494.87  520.65  4.91

ЕО өкілі әлемде АҚШ-тық жүйенің ақыры таяп, Қытайдың үстемдік алып келе жатқанын айтты

«Сарапшылар америкалық жүйенің жойылуы және азиялық ғасырдың келуі туралы ұзақ уақыттан бері айтып келеді. Бұл қазір біздің көз алдымызда болып жатыр», – деді Хосеп Боррелл.
фото: rbc.ru
фото: rbc.ru

Еуропалық Одақтың сыртқы істер жөніндегі басшысы Хосеп Борреллдің айтуынша, АҚШ басқаратын ғаламдық жүйенің ақыры жақындап, Азия ғасыры келген болуы мүмкін. Бұл мәлімдеме Қытай мен АҚШ арасындағы жолды Еуропа қалай таңдауы керектігі туралы талқыланған кезде айтылды, деп хабарлайды qamshy.kz, The Guardian басылымына сілтеме жасап.

«Сарапшылар америкалық жүйенің жойылуы және азиялық ғасырдың келуі туралы ұзақ уақыттан бері айтып келеді. Бұл қазір біздің көз алдымызда болып жатыр», – деді Хосеп Боррелл дүйсенбіде бір топ неміс дипломаттарына.

Ол коронавирус пандемиясының бетбұрыс болатынын және қай тарапты таңдау қысымы артып келе жатқанын жеткізді.

«Қытайға арналған неғұрлым мықты стратегия керек. Бірақ, ол Азияның басқа демократиялық елдерімен жақсы қарым-қатынасты шарт етеді», – деп толықтырды ол.

ЕО Дональд Трамптың Қытайға қарама-қайшы ұстанымымен келіспейді.

«Алайда, Қытай билігінің Гонконгтың тәуелсіздігіне шабуыл жасауы және кәрі құрлыққа нарығын ашудан бас тартуы Еуропалық Одақты қайта ойлануға мәжбүр етті», - дейді сарапшылар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары