Таяуда ғана тәжік елімен арадағы шекарада екі мәрте қақтығысқан қырғыздар енді өзбектің шекаралас тұрғындарымен жанжалдасып қалды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қырғыз Үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл қақтығысқа қай тараптың айыпты екенін екі ел билігі бірлесіп іздестірмек. Нақты айтқанда, кеше кешке шекарадағы екі ауыл тұрғындары бұлақ суына таласып, соңы төбелеске ұласқан.
Суды шуға айналдырған топ бірін-біріне тас атып, үйлерін өртеуге дейін барды. Қоғамдық тәртіпті бұзғандарға басу айту үшін оқиға орнына екі елдің де билік өкілдері жетті. Олар өздерінше түсіндіру жұмыстарын жүргізіп көрмек болды. Алайда, ол әрекеттерінен түк шықпаған.
Тағы оқи отырыңыз: Қырғыз-тәжік шекарасында тұрмыстық жанжалдың арты атысқа ұласқан (ВИДЕО)
Шекарадағы қақтығысқа орай қырғыз-тәжік елдері бір-біріне наразылық нотасын жолдады
Қырғыз-тәжік шекарасында бір ай ішінде екінші атыс болды
Қақтығыс салдарынан ауыр жарақаттанғандар бар. Қырғыз билігі келтірген ресми дерекке қарағанда, жүздеген адам түрлі дене жарақатын алған. Тарқата айтқанда, қырғыздар тарапынан 15, ал өзбектер жақтан 145 адам жапа шегіп отыр.