$ 448.89  477.93  4.76

Карантинге қарамастан саяхаттап қайтуға болатын елдер тізімі шықты

Қазақстандықтар Багам аралдары, Мальта, Кипр елдеріне еш кедергісіз бара алады.
Фото: glonasstravel.com
Фото: glonasstravel.com

Коронавирус пандемиясына қарамастан еш кедергісіз саяхаттап қайтуға болатын елдер тізімі жасалды. Желіде коронавирус кезінде саяхаттауға болатын елдердің тізімі пайда болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz ағылшынның The Sun басылымына сілтеме жасап.

Мұндай қауіпсіз елдер тізіміне коронавирус жұқтырғандар саны өте аз тіркелген мемлекеттер енген. Оған Барбадос (COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 92), Багам аралдары (102), Мэн аралы (336),  Норманд аралдары (561) Мальта (625) және  Кипр (958 адам) аралдары еніп отыр.

Аталмыш басылымның мәліметінше, бұл елдер коронавирусқа қарсы дер кезінде нақты шаралар қабылдаудың арқасында әлемді әбігерге салған COVID-19 вирусын тоқтата алған.

Айта кетерлігі, еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетованың айтуынша, шетелден келгендер 2 күн карантинде жатқызылады.

«Өзге елдерден келгендердің анықтамасы болса, олар оқшауланбайды. Бұл анықтама 5 күнге жарамды. Жеке көлігімен келетіндер де бақылау-өткізу бекеттерінде тест тапсырады. Тексеру кезінде жолаушыдан коронавирус анықталса, ол бірден ауруханаға жатқызылады», - деп жазылған қаулыда.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 8 маусымдағы жағдай бойынша, коронавирус жұқтырғандардың саны 7 миллионнан асқан, сондай-ақ 400 мыңнан аса адам қайтыс болған. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары