Әлем 08.06.2020 сағат 18:00

Жатыры бүлінген қытай

1980 жылдар  үкімет таза қытайларға «жоспарлы туыт» саястын жолға қойып, сәтті жүргізу үшін  әуелі әйелдердің туыт жолын  қиып тастау тәсілін қолданған болатын. Кейін «еркекті пішу» дейтін данышпандық дана саясат шығарған.
Жатыры бүлінген қытай
Фото: chinalogist.ru
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Іргедегі көршіміз – Қытай елінің ең үлкен мәселесінің бірі халық саны. Бүгінде жұмыр жердегі жалпы адам санының бестен бірін (1,4 млрд адам) құрап отырған Ханзу елінің бұл ерекшелігі өзге емес ең алдымен өзіне «сор болып» тиіп отыр. Нақтысын айтқанда мұншама көп халық санын қытай компартиясы "үлкен ауыртпалық, бас ауыртарлық артық мәселе" деп қабылдады. Экономикалық жағынан тиімсіз әрі мұншама көп адамды бақылаудан шығарып аламыз деп қорықты. Осы себепті сонау өткен ғасырдың сексенінші жылдары компартия басшылығы жедел түрде халық санын азайту мәселесін қолға алады. 

Осылайша, 1979 жылы жалпы қытай елі бойынша «бір бала саясаты» пайда болды. Ең қуантарлығы, бұл саясат басында қытайдан басқа ұлтарға қолданылмады.

Алайда ресми биліктің халық санының өсімін қолдан азайту  жоспары бірден іске аса қоймайды. Болмаған соң заңды бұзғандарға ірі көлемде айыппұл арқалату, қамау секілді әкімшілік жазалар қолданылды. Ресми деректерге сенсек, сол аралықтан бері «бір бала саясатын» бұзғандарға 2 триллион юань немесе 315 миллиард АҚШ доллары көлемінде айыппұл салыныпты. Есесіне қытайдың табиғи өсімі 400 миллион адамға азайған. 

Ең сорақысы ел үкіметі «бір бала саясатын» сәтті жүргізу үшін  әйелдердің жатырын алып тастау тәсілін қолдануға дейін барғаны белгілі болып отыр. Мұндай қорқынышты деректерді, зерттеуші-журналист Шаяхмет Қалидың мақалаларынан кездестіруге болады: «1980 жылдар үкімет таза қытайларға «жоспарлы туыт» саястын жолға қойып, сәтті жүргізу үшін  әуелі әйелдердің туыт жолын  қиып тастау тәсілін қолданған болатын. Кейін әйелдер жағы «еркектер тыныш жүрсе, біз де бала таппаймыз ғой. Сондықтан бізді емес алдымен нағыз қылмысты жасайтын еркектерді шектесін де?!» деп дау көтеріп болмаған соң, енді «еркекті піштіру» дейтін данышпандық дана саясатын шығарған екен. Осы салиқалы саясатты жүзеге асыру барысында, Жаугансаның 6-7 баласы болады да одан тыс әйелі тағы екі қабат болғандықтан, «Бұндай ұятсыз еркекті бірінші ретте пішіп тоқтату керек» деп шешкен жергілікті билік, бас салып, әйелінің қасында тыныш жатуды білмейтін Жауганса мұғалімді пішіп (енін алып тастау) тастаған екен». 

Кейін мұндай саясат (1987 жылдар) қытайда тұратын ұсақ ұлттарға да бірдей жүргізілетін болып бекітілген. Бұл үрдіс 2016 жылға дейін жалғасты. 

Расын айту керек, «бір бала саясаты» қытайға опа бермеді. Сүреңсіз саясаттың соңы ел тұрғындарының ішінде қарт адамдардың үлес салмағының жөнсіз артуына соқтырды. Елде еңбекке жарамды азаматтар санының күрт кемуіне алып келді. Қарттар еліне айналып сала берді.

Жалпы алғанда ерлерге қарағанда әйелдердің санының сәл болса да артық болатыны заңды құбылыс. Алайда Қытайда бұл көрсеткіш керісінше әрі тым шектен шығып кеткен. Ерлердің саны қазір әйелдерден 40 миллионға артық. Яғни қытай еркектеріне жар сүйіп, отау құрудың өзі үлкен мәселе деген сөз. Қыз алып қашудың көкесі де осы елде тіркеліп жатады. Бүгінде қытайлық бұқаралық ақпарат құралдарында «бойжеткен қыздардың ұрлануы» туралы қорқынышты ақпараттардың жарияланып жатуы үйреншікті жағдайға айналған. «Синьхуа» агенттігінің мәліметінше, Қытай елінде кәмелеттік жасқа толған қыздардың ұрлану оқиғасына қатысты жылына жүздеген деректер тіркеледі екен.  

Бір жақсысы, «ең құнды капитал – адам» деген түсініктің дұрыстығына көз жеткен қытай билігі 2016 жылдан бастап «бір бала саясатынан» бас тарта бастады. Алайда, ұзақ жылдар бойы  компартияның қатал заңынан қорқып мәжбүрлі түрде түсік жасатамын деп жатырын әбден әлсіретіп алған қытайлықтар топырлатып бала тууға даяр болмай шығады.

Сарапшылардың мәліметінше, қытайда бұрынғыдай шектен асқан өсім жоқ. Табиғи туу көбіне қазақ, ұйғыр, тибет, моңғол секілді өзге халықтар есебінен толықтырылып отыр. Олардың айтуынша, «таза қытай» ұлтының саны жылдан-жылға азайып барады. 

Б.Нұратай  


 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар