Коронавирусқа байланысты Ресейдің кейбір өңірлерінде жеңіс парады уақытында өтпейтін болды. Сегіз бірдей өңір басшысы 24 маусымға белгіленген жеңіс күні парадын кейінге қалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Пандемияға байланысты Курск облысының билігі жеңіс мерекесіне арналған мерекелік шараны 24 маусым емес 23 тамызда өткізетінін айтқан болатын. Кейін бұған Ярославль облысы, Мордовия республикасы, Орынбор облысы секілді өзге өңірлер қосылды. Тіптен Орлов, Камчатск, Перм өлкесі, Томск облысы, Белгород қаласында мүлдем шеру өтпеуі де мүмкін.
Оқи отырыңыз: Қазақстан Мәскеуге әскер кіргізбек
Орлов облысының губернаторы «пандемия әлі сейілген жоқ. Парад өткізудің қажеті жоқ» деп шешкен. Сол секілді Ярославль облысының басшысы әзірге қоғамдық шара ұйымдастыратын кез емес деп мәлімдеп отыр.
Азаттық радиосының хабарлауынша, Псков облысының билігі «соғыс ардагерлерінің денсаулығына қауіп төндірмеуді» жөн көрген. Новосибирск қаласында парад өтеді, бірақ көрермен болмайды.
Ресей резидент Владимир Путиннің жарлығымен 24 маусым Жеңіс парады өтетінін күн деп бекітілгенін айта кету керек. Әрі бұл демалыс ретінде белгіленген. Бұл күні Ресейдің 28 қаласында бір мезгілде әскери парад өтеді деп жоспарланған.
Эпидемиологиялық ахуалға байланысты алдын ала жасалып қойылған бұл жоспарға қайтадан өзгері енгізілуі мүмкін.