$ 494.87  520.65  4.91

Түркия турист қабылдауға дайын екендіктерін мәлім етті

Қабылданған шешімге сәйкес, елге келген түрік және шетел азаматтары аміндетті түрде медициналық тексерістен өтеді.
Фото: uzdaily.uz
Фото: uzdaily.uz

Түркия билігі шетел азаматтарының елге кіріп-шығуына рұқсат берді, деп хабарлайды NEGE сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. 

Мұндай шешім ел президенті Реджеп Тайып Ердоған басшылығымен өткен Министрлер кабинеті отырысынан кейін қабылданған. Қабылданған шешімге сәйкес, Түркияға келген түрік және шетел азаматтары алдымен медициналық тексерістен өтеді.

Әуе тасымалы жұмыстары денсаулық сақтау, сыртқы істер және көлік министрліктерімен бірлесіп үйлестіріледі. Жаңа жарлық елдің барлық провинцияларына жіберілген.

Еуроодақ елдері де 1 шілдеден бастап шекарасын ашатынын хабардар етті. 

1 шілдеден бастап студенттерге және жоғары квалификациялық мамандарға ғана шекара ашылуы мүмкін, бірақ туристердің кіруіне әзірше рұқсат жоқ. 

Еуропалық комиссия мұнымен қоса 1 шілдеден бастап Еуроодаққа кірмейтін Балқан елдері азаматтарына шекарану ашуға кеңес берген. Әрі қарай шекарны біртіндеп ашу арнайы талаптармен жүруі тиіс.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары