Ресейде коронавирустан көз жұмғандар саны 10 мыңнан асып кетті, деп хабарлайды деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ТАСС агенттігінің мәліметінше, бүгін жаңа инфекциямен күрес жөніндегі шұғыл штаб 10 мың адам коронавирустан қайтқанын, бұл - барлық ауру жұқтырғандардың 1,49 пайызы екенін жеткізген. Бұл - әлемдегі орташа көрсеткіштен шамамен үш есе аз.
Өткен тәулікте 168 адам індеттен көз жұмған. Ал одан бір күн бұрын бұл көрсеткіш 176 еді. Өсім - шартты түрде 1,7%. Мамырдың соңғы аптасында және маусымның басында Ресейде ауру өршіп тұрғанда өсім 3-5% төмендемей қойған еді. Штабтың мәліметінше, елде коронавирустан 10 027 адам қайтыс болған.
Орта есеппен алғанда 100 мың ресейлікке 7 өлімнен келіп тұр. Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары: билігі қатаң карантин енгізуден бас тартқан Швецияда 100 мың адамға - 54 өлімнен келеді, ал Италия мен Испанияда - 58 және 61-ден, Ұлыбританияда - 65-тен келеді. Әйтсе де, шұғыл штабтың мәліметі - ең соңғы қорытынды ақпарат емес. Олар сәуірдегі РФ вице-премьері Татьяна Голикова ұсынған нақтыланған өлім-жітім статистикасын ескермейді. Сондай-ақ Мәскеу билігінің сәуір мен мамырда қайтқандар туралы мәліметін де есептемеген.