$ 494.87  520.65  4.91

Вьетнам елінде дәл елордадағыдай үш «Бәйтерек» бар болып шықты

Өзара пікірлесуде желі қолданушылар ол үшеуді «Каждому жузу по одному» деп те қағытып қойды. Ал ана тілінде білім алған қазақтың санасына «Үш бәйтерек» десе, ғимарат емес, Сәкен, Бейімбет, Ілияс атты арыстарымыздың сарт ете қалатыны сөзсіз.

Нұр-Сұлтан қаласындағы заманауи ғимараттар үлгісі жапон сәулетшісі Кисе Курокаваның әр елден «ұрлап-тырнаған» жиынтық екені аракідік айтылып қалып жүр. Енді міне, біздегі «Бәйтерек» монументінің бір емес, үш дәлме-дәл нұсқасы Вьетнам елінен де табылды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Олардың біреуінің суретін Данияр Қуантханов атты азамат facebook парақшасына жариялады. «Нашли хорошую летовку, зимовку, житницу и здравницу. Пока вот так застолбили. Границы откроют перекочевывайте. Да здравствует Казахская Народная Демократическая Республика!» – деп кекесін танытты орыстілді жазба авторы.

Ал Алпамыс Жаныс атты желі қолданушы сол елдің Бакнинь қаласында бір емес, үш «Бәйтерек» бар екенін айтып, екінші суретті жариялады.

Өзара пікірлесуде желі қолданушылар ол үшеуді «Каждому жузу по одному» деп те қағытып қойды. Ал ана тілінде білім алған қазақтың санасына «Үш бәйтерек» десе, ғимарат емес, Сәкен, Бейімбет, Ілияс атты арыстарымыздың сарт ете қалатыны сөзсіз.

Айтпақшы, «Бәйтеректердің» алғашқысы Қазақстанда немесе Вьетнамда жасалғаны әзірге белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары