Әлем 24.07.2020 сағат 03:30

«Қытайдың өзі шекарадан індет өршіген Қазақстанның жүк көліктерін өткізбей жатыр

«Нұр жолы» кедені арқылы өтуге келіп, кезекте тұрған 1700-ден астам көліктің қашан өтері белгісіз.
«Қытайдың өзі шекарадан індет өршіген Қазақстанның жүк көліктерін өткізбей жатыр
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қытай Қазақстаннан баратын жүк көліктерін кіргізуді тоқтатты. Бұл туралы Азаттыққа Алматы облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің кедендік әкімшілендіру басқармасының басшысы Ғабит Оразов хабарлады. Сөзінше, бұған Қазақстанда коронавирус індетінің күшейгені және Қытайдың Шыңжаң өлкесінде коронавирус ошағы пайда болып, тәртіптің қатаңдатылуы себеп болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оразов бұл ақпаратты Қазақстан мен Қытай шекарасындағы «Нұр жолы» кеденіне жете алмай, кезекте тұрған 2 мыңға жуық жүк көліктері жайлы Азаттық радиосы жариялаған видеоматериалға байланысты жауап бергенде айтты.

Басқарма басшысының сөзінше, 21 шілдеде «Нұр жолы» кеденінен Қытайға қарай небәрі 11 жүк көлігі өткен. Олар – тез бұзылатын тауар артқан жүк көліктері. «Нұр жолы» кедені арқылы өтуге келіп, кезекте тұрған 1700-ден астам көліктің қашан өтері белгісіз.

Ғабит Оразовтың айтуынша, Қытай жағы Қазақстан көліктерін 20 шілдеден бастап мүлде кіргізбейтін болған.

«Індет басталғалы Қытай Қазақстан көліктеріне талапты күшейтті. Бір күнде небәрі 20 көлік қана өткізген кездер болды. Келіссөздер барысында жүзге дейін көбейтті. Жүк көліктерін өткізу тәртібіне байланысты Қытаймен бірнеше рет келіссөз жүргізілді.

Қазақстан жүк көліктерінің жүргізушілерін Қытайға кіргізбей, тек көлік тіркемесін ғана қабылдап, тауарды «Нұр жолы» кеденінің логистика орталығына жеткізетін болған. Олай болса, жүк көліктері тауарын Қазақстан аумағынан-ақ алып кетер еді. Қазақстан Қытайдың жүргізуішілеріне «Нұр жолы» кеденінің логистика орталығында бір тәулікке дейін болуға рұқсат еткен. Ол да тоқтап қалды», - дейді ол.

Қазақстан мен Қытайда коронавирус індетіне байланысты шектеулер күшейген тұста екі ел арасында тауар тасып жүрген жүк көліктерінің кезегі көбейді.

Алматы облыстық мемлекеттік кіріс департаменті кедендік әкімшілендіру басқармасының мәліметінше, биыл наурызда «Нұр жолы» кедені алдындағы кезекке 100-ден аса, сәуірдің соңында 500, мамырдың соңында 800, маусымның соңында мың, шілденің соңында 1700 жүк көлігі тұрған.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар