26.07.2020, 22:30

Қытайдың 8 миллионнан астам тұрғыны су тасқынынан зардап шекті

Тікелей экономикалық шығын 33 миллиард юаньға (шамамен 4,7 миллиард доллар) бағаланды.

Қытайдың шығысындағы Аньхой провинциясындағы 8,4 миллионнан астам адам қатты нөсерден болған су тасқынынан зардап шекті, деп хабарлайды bairaq.kz.

Бұл туралы провинцияның су тасқыны мен құрғақшылыққа қарсы күрес штабы мәлімдеді.

Сенбі күні таңертең бұл провинцияның шамамен 1,12 миллион тұрғыны эвакуацияланды. Тікелей экономикалық шығын 33 миллиард юаньға (шамамен 4,7 миллиард доллар) бағаланды.

Сонымен бірге, апат 986 мың гектар ауылшаруашылық алқаптарына зиян келтірді.