$ 494.87  520.65  4.91

Украина тұрғыны коронавируспен үшінші рет ауырып жатыр

Одан ешкім қорғалмаған.
Фото:elements.envato.com
Фото:elements.envato.com

Украинада Тернополь облысының тұрғыны үшінші рет коронавирус жұқтырып, ауырып қалды. Бұл туралы Тернополь облысы мемлекеттік әкімшілігі денсаулық сақтау басқармасының бастығы Владимир Богайчук мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Үшінші рет ауырып қалған науқас бар. Біз коронавирус жұқтырып, ауырып қалғаннан кейін тағы жұқтыруымыз мүмкін екенін түсінуіміз керек. Одан ешкім қорғалмаған", - деп келтірді Богайчуктің сөзін жергілікті "Тернополяне" басылымы.

Бұған дейін Укриана Денсаулық сақтау министрлігі елде 67 597 адам COVID-19 жұқтырғанын, 1650 науқас қайтыс болғанын және 37 394 адам аурудан айыққанын хабарлаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус