05.08.2020, 02:04

«Бейруттағы жарылыста Қазақстанның консулы жарақат алды» - СІМ

Фото: t.me/negemedia
Ол жарылыс толқыны салдарынан жеңіл жарақат алған.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ливандағы жарылыс салдарынан Қазақстанның дипломатиялық миссиясы ғимаратына зиян келгенін және консулдың жеңіл жарақат алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz https://sn.kz/ақпарат порталы.

«Жарылыс кезінде дипломатиялық миссияның қызметкерлері жұмыс күні аяқталғаннан кейін жұмыс орнынан кетіп қалған. Консул жұмыста қалған болатын және жарылыс толқыны салдарынан жеңіл жарақат алды, - деп хабарлаған ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Қазақстан дипломаттары жергілікті билік органдарымен жедел байланыс орнатып, Ливанда тұратын Қазақстан азаматтарының жағдайы туралы ақпараттар тексеріліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Бейрут қаласындағы жарылыстан Қазақстан елшілігінің ғимараты зақымданды (ВИДЕО)