$ 449.58  486.94  4.86

Таиланд халқы үкіметке қарсы ереуілге шығып, парламентті таратуды талап етті

Миллиондаған таиландтық нәпақасынан айырылып, жұмыссыз қалып отыр.

Таиландта тағы да үкіметке қарсы ереуілдер өтті. Он мыңнан аса наразы жұрт Бангкок көшелеріне шығып, премьердің отставкаға кетуін, парламентті таратып, елде реформа өткізуді талап етті, деп хабарлайды Хабар 24.

 Таиландтағы ереуілдер шілде айынан бері өтіп келеді. Наразы жұрттың басым бөлігі жастар. Олар елдегі экономикалық дағдарысты айтып, дабыл қағып отыр. Ал пандемия жағдайында халықтың тұрмыс-тіршілігі нашарлай түскен. Миллиондаған таиландтық нәпақасынан айырылып, жұмыссыз қалып отыр. 

Сарапшылардың айтуынша, елдегі дағдарыс соңғы 20 жылдағы ең күрделісі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары