$ 498.34  519.72  4.85

Ереуілден есі шыққан Лукашенко резиденциясына автомат ұстап келді (ВИДЕО)

Сол сәтте жанындағы көмекшілерінен: «Анда ешкім қалған жоқ қой, иә?» деп нақтылап алды, сұқ саусағын шошайтып.

Белоруссия президенті Александр Лукашенко ресми резиденциясына суық қаруланып келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, РИА Новостиге сілтеме жасап.

Үстіне оқ өткізбейтін күртеше киіп, қолына «Калашников» автоматын ұстаған Беларусь президенті тікұшақтан түсе салысымен, адымдай басып резиденциясына қарай бет алды. Сол сәтте жанындағы көмекшілерінен: «Анда ешкім қалған жоқ қой, иә?» деп нақтылап алды, сұқ саусағын шошайтып.

Бұған дейін Минскіде «Жаңа Беларусь маршы» өтіп жатқанын жазған болатынбыз. Бұл ретте, алаңда полиция мен әскери жасақ арнаулы техникалардың көмегімен президент ғимаратына жақындап қалған 100 мыңнан астам халықтың жолын бөгеді. Ал Лукашенко реті келсе сол өзіне наразы жұртты нысанаға алудан тайынбайтын сыңайлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары