$ 449.58  486.94  4.86

НАТО әскерінен қауіптенген Лукашенко шекарада жауынгерлік дайындықты күшейтті

Оның айтуынша, өзінің қарсыластары елді «іштен ірітіп», сонымен қатар, шекараның арғы жағынан да ашық қоқан-лоққы жасауға кіріскен.

Гродно облыстық кеңесі депутаттарымен болған кездесуде Беларусь президенті Александр Лукашенко НАТО өз әскерлерін ел шекарасына тақатып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz, Беларусь президентінің сайтына сілтеме жасап.

Лукашенконың айтуынша, өзінің қарсыластары елді «іштен ірітіп», сонымен қатар, шекараның арғы жағынан да ашық қоқан-лоққы жасауға кіріскен.

«Батыс саясаткерлерінің аузынан шыққан бұл қауіп-қатерді жақсы естіп отырған боларсыздар? Егер бәрі бірдей әуенге басса, яғни қаржылай ресурстардың бөлінетіндігі туралы ашық айтса, бұл енді дипломатияға жатпайды», - деді Лукашенко.

Осы орайда, ол F-16 ұшағының өздерінен 15-20 минуттық жерде ұшып жүргенін баса айтты.

«Біз бұны былтыр байқағанбыз. Олар ол кезде «жаттығу» дегенді желеу еткен, бірақ, коронавирусқа бола ақыры тыншыған. Енді міне, біздің еліміздің ішкі жағдайы тұрақсыз бола бастап еді, олар қайтадан белсенді әрекеттерге көшті. Барлық әскер қойылған. Біз оны көріп, түсініп отырмыз. Сондықтан мен әскерді толық жауынгерлік дайындыққа келтіру туралы бұйрық беруге мәжбүр болдым», - деп қосты президент.

Ол десантшылар Витебскіден Гродно облысына лақтырылғанын, «Точка-У», «Полонез», РСЗО және ЗРК, С-300 тактикалық зымырандары жауға қарсы тойтарыс беру үшін дайындық жағдайында тұрғанын еске салды.

Алдында Гродно түбіндегі әскери жаттығу полигонында Лукашенко: «Билікке жаңа президентті әкелу үшін НАТО ел шекарасына әскерлерін лақтырып жатыр. Сонда ол Батыстың әскери қолдауына жүгіне алады», - деген еді.

Сонымен, Беларусь президенті Қарулы Күштерді толық жауынгерлік дайындыққа келтіру және әскерлерді батыс бағытқа лақтыруды «ширек ғасырдағы ең маңызды шешім» деп атады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары