Халқының қарсылығына тап болған Беларусь президенті Александр Лукашенко оппозиционер педагогтарды жұмыстан босату керектігін айтып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, БелТАға сілтеме жасап.
Лукашенко бұл мәселе жөнінде Білім министрі Игорь Карпенконы қабылдаған кезде мәлімдеді. Лукашенко мұғалімдерді кез келген шабуылдан қорғау керектігін ескертті.
Оның сөзінше, Белоруссияда мемлекеттік білім, мектеп және мемлекеттік идеология бар. Осы қағидаларға бағынғандар әрі қарай да жұмыс істеп, білім бере алады.
"Бағынғысы келмейтіндер, болса, олардың тәубесіне келтіру керек. Мұны тіке, ашық әрі нақты айту керек", - деді А.Лукашенко.