$ 449.3  489.69  4.89

Зеленский Беларусьпен байланысқа үзіліс берді

Біз жағдайдың әрі қарай қалай болатынын қадағалап отырмыз.
Фото: РИА Новости
Фото: РИА Новости

Украина Беларусьпен диалогқа үзіліс жасады. Бұл туралы "1+1" телеарнасының эфирінде СІМ өкілі Дмитрий Кулеба мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

"Мен бұл туралы ресми түрде хабарлаймын. Біз жағдайдың әрі қарай қалай болатынын қадағалап отырмыз. Украина үшін репутация, мораль, этикалық тұрғыдан залал тигізбейтініне көз жеткізгенде байланыстарды қайта жаңартамыз", - деді ол.

СІМ басшысы Владимир Зеленский Беларусь президенті Александр Лукашенкомен сайлау алдында сөйлескенін атап өтті.

Сондай-ақ, Киев Донбассқа байланысты келіссөздер жүргізетін алаңды (Минск) қажет болған жағдайда ауыстыруы мүмкін. Дипломаттың айтуынша, әзірше оның керегі жоқ. 

"Әзірше Минск бұл процесте атау ғана болып тұр. Себебі пандемияға байланысты кездесулер онлайн режимде өтіп жатыр. Сондықтан ешкім ол жаққа барып жатқан жоқ. Минскімен байланыс тек сөз жүзінде қалып отыр", - деп түсіндірді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары