$ 494.87  520.65  4.91

Ливан президенті елдің саяси жүйесін өзгертуді ұсынды

Ал жарылыстан келген шығын көлемі 15 милллиард доллардан асады.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Ливан президенті Мишель Аун елдегі саяси жүйені өзгертіп, Ливанды зайырлы мемлекет етуді ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Ел басшысы мұндай мәлімдемені Ливан елінің құрылғанына 100 жыл толу күніне орай жасады. Осыған байланысты елдегі белді діни және саяси тұлғаларды мәселені шешу үшін диалог өткізуге шақырды. Себебі қазір Ливан конфессиялық тұрғыдан басқарылатындықтан, халық жиі бөлініп, мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық дамуына кедергі келтіріп отыр дейді мемлекет басшысы.  

«Қазір Ливан бұрын соңды болмаған дағдарысты бастан кешіп жатыр. Ондаған жыл бойы шешімін таппаған мәселелер елдің дамуын шектеп, халықты күйзеліске түсірді. Сондықтан мемлекеттің құрылымын өзгертетін уақыт келді. Бұл – Ливанның болашағы саналатын жас буынның талабы», - деді Ливан президенті Мишель Аун.

Еске сала кетейік, тамыздың 4-і күні Бейруттегі портта жарылыс болып, 190 адам қаза тапты. Мыңдаған адам жарақат алды. Қаланың жартысы қирап бүлініп, 300 мыңнан астам тұрғын баспанасыз қалды. Оқиға соңы жаппай наразылыққа ұласып, үкімет отставкаға кетті. Ал жарылыстан келген шығын көлемі 15 милллиард доллардан асады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары