$ 494.87  520.65  4.91

Депутат онлайн-отырыста ашынасының омырауын аймалады (ВИДЕО)

Әрине, ол көрініс депутаттар палатасында орналасқан үлкен экраннан анық көрінген.

Buenos Aires Times-тың мәлімдеуінше, аргентиналық депутат Хуан Эмилио Амери тікелей эфирде өтіп жатқан конгресс сессиясында ашынасымен бірге құшақтасып отырған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол аздық еткендей, депутат көңілдесін құшағына қысып, оның омырауын жейдесінен шығарып алып, ұшынан сүйе бастаған. Әрине, ол көрініс депутаттар палатасында орналасқан үлкен экраннан анық көрінген. Сонымен қатар, видео әп-сәтте әлеуметтік желілерге тарап та кетті.

Желі қолданушылары сынды қарша боратып, ал депутаттар жиын үстінде дауыс беріп, оқиғаның анық-қанығын анықтағанша, әріптестерін қызметінен босатты.

47 жастағы депутаттың өз айтуынша, ол интернеті дұрыс ұстамай, байланыс үзілген соң, онлайн-отырыста отырғанын байқамай қалған. «Айтар сөзім жоқ, ел алдында ұятты болдым. Кешіріңіздер!» - деп қателігін мойындап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары