$ 494.87  520.65  4.91

Тихановская Франция президентімен кездесті

Тихановская Беларусьті дағдарыстан шығару мәселесі жөнінде сөйлесуге дайын екенін атап өтті.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Беларусь президенттігіне экс-үміткер Светлана Тихановская Франция президенті Эммануэль Макронмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

"Тихановская (Макронға- ескерту) биыл Беларусь халқы жаңа сайлауды өткізгісі келетінін айтты. Сайлау халықаралық келіссөздердің тақырыбы болуы керек, ал ЕҚЫҰ - мұндай келіссөздердің ең жақсы платформасы. Светлана Тихановская барлық тараппен, оның ішінде Ресеймен келіссөздерді ұйымдастыру және Беларусьті дағдарыстан шығару мәселесі жөнінде сөйлесуге дайын екенін атап өтті", - делінген Telegram-дағы "Пул Первой" каналында.

РИА Новости агентігінің мәліметінше, Мәскеу мемлекеттік университеті Халықаралық қатынастар және дипломатия кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Юрий Разживин Франция президенті Тихановскаямен кездесу кезінде дипломатиялық хаттаманы өрескел бұзғанын айтқан. Оның пікірінше, бұл кездесу Беларусьтегі жағдайға әсер етпейді.

Айта кетейік, 9 тамызда Беларусьте президент сайлауы өтіп, соңы тәртіпсіздіктерге ұласқан еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары