Ұлыбритания мен Канада Беларусь президенті Александр Лукашенкоға, оның ұлы Виктор Лукашенко және беларусь үкіметінің бірнеше мүшесіне қарсы санкциялар салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy сайты.
«Санкциялар адам құқықтарының бұзылғаны үшін салынған. Санкция сегіз адамға мемлекетке кіруге тыйым салады және олардың активтерін бұғаттайды: президент, оның ұлы Виктор Лукашенко, президент аппаратурасының басшысы Игорь Сергеенко, ішкі істер министрі Юрий Караев, оның орынбасарлары Александр Барсуков пен Юрий Назаренко, ішкі әскер қолбасшысы Хазалбек Атабеков пен арнайы полиция басшысы Дмитрий Балаба», - деп жазылған ақпаратта.
Санкция шілде айында күшіне енген санкциялардың тәуелсіз режимі аясында салынды. Бұл адам құқықтарын бұзғандарға Ұлыбританияға кіруге тыйым салады, сонымен қатар британ банктерінде ақша сақтауға жол бермейді.