$ 447.4  477.55  4.76

29 жастағы келіншек миына екі ине қадалғанын ұзақ жылдар бойы білмеген

Дәрігерлер де өте жіңішке инелер миға еш зақым келтірмей қадалғанына таңданыпты.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Қытайда 29 жастағы әйел ұзақ жылдар бойы миына екі бірдей ине қадалғанын білмей келген. Ол мұны аяқ асты анықтайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Оdditycentral.com басылымының жазуынша, Қытайдың Хэнань провинциясындағы Чжэнчжоу қаласында тұратын 29 жастағы әйел жол апатына түскен. 

Айтарлықтай жарақат алмаған әйелге дәрігерлер сақтық үшін компьютерлік томографиядан бір рет өтіп шығуға кеңес береді. Кеңеске құлақ асқан әйел томография нәтижелерін көргенде, өз көзіне сенбеген. Дәрігерлер оның басынан жол апаты салдарынан болған жарақаттарды таппаса да, таңғаларлық жайттың куәсі болған.

 Әйелдің дәл ми тұсына бес сантиметрлік екі бірдей ине қадалған екен. Дәрігерлер оның басына ине бала кезінде қадалған деп топшылады. 

Басы ешуақытта ауырмағанын алға тартқан әйел иненің басына қалайша және қашан қадалғанын білмейтінін айтуда. Дәрігерлер де өте жіңішке инелер миға еш зақым келтірмей қадалғанына таң болған. Көп ұзамай, әйел томография нәтижелерін полицияға ұсынып, иненің қалай қадалғанына болжамы барын алға тартты. Ол бұл жайтты тергеу аяқталғанға дейін құпияда сақтауды ұйғарып, иненің қадалу жағдайына байланысты полицияға шағым түсірген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары