$ 445.66  474.58  4.78

«Әлемде апта сайын 2 млн адамнан коронавирус анықталып жатыр» - ДДСҰ

Үндістанда вирусты жұқтырғандар саны 6 жарым миллионға жуықтап, дерттен қаза тапқандар 100 мыңнан асқан.
фото: zanmedia.kz
фото: zanmedia.kz

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде апта сайын 2 миллионнан астам адамнан коронавирус анықталып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy сайты.

Ұйым басшысының Тедрос Гебрейесустың айтуынша, кей мемлекеттерде індет күшейіп, адамдардың дертті жаппай жұқтыруы тіркелсе, бір елдер шұғыл шаралар қабылдап вирустың таралуына тосқауыл қоя білген. Осыған байланысты халықаралық құрылым әлем елдеріне індетпен бірлесіп күресудің маңыздылығын тағы қайталады. 

«Қазір эпидемияға қарсы күрестің шешуші кезеңі. Әбір елдің көшбасшысын дерттің таралуын тоқтатуға бағытталған іс-әрекетті күшейтіп, адамдардың өмірін сақтап қалу үшін шараларды қабылдауға шақырамыз. Қазіргі қиын-қыстау кезеңді өтудің ең тиімді жолы бірлесіп әрекет ету деп санаймын. Ал дүние жүзінің кей елдерінде індеттің таралуы күшейегеніне қарамастан шектеу шараларын қатаңдатудан бас тартып отыр. Мысалы, Үндістанда вирусты жұқтырғандар саны 6 жарым миллионға жуықтап, дерттен қаза тапқандар 100 мыңнан асқан. Осыған қарамастан билік экономиканы негізге алып, шектеу шараларын жеңілдетуді жалғастыруда», - деді Тедрос Адханом Гебрейесус.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары