Үндістанның Панипат қаласынан келген әйел бастан кешкен ауыр оқиға туралы айтып берді. Күйеуі оны бір жарым жыл дәретханаға қамап тастаған, деп хабарлайды Stan.kz, Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Әйелді күйеуінің қамап ұстағаны жергілікті тұрғындар полицияға жүгінгеннен кейін белгілі болды. Тәртіп сақшылары оқиға орнына жеткен кезде олар үш баланың анасы еденде 0,8 шаршы метрлік дәретханада жатқанын көрген. Күйеуі келіншекті қамап, тамақ бермей қойған. Ол өте әлсіз болып, жүре алмай қалған. Келіншек жедел ауруханаға жеткізілді.
Ал оның жауыз күйеуі қазір тергеуге алынған. Ол әйелінің психикалық ауытқуы бар екенін мәлімдеп, өзін қорғамақшы болған. Бірақ мұны растайтын құжаттар болмай шықты.