$ 443.85  474.3  4.8

Армения мен Әзербайжан арасындағы бітім тағы да бұзылды

Бітім түнгі 12:00 уақытында күшіне енген болатын.

Армения Әзербайжанды Таулы Қарабақтағы атысты тоқтату туралы 17 қазан күні күшіне енген жаңа бітімді бұзды деп айыптап отыр. Бұл туралы Baq.kz Армения Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Шушан Степанянның желідегі жазбасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ереванның сөзінше, бітім күшіне енгеннен санаулы сағат өткенде атыс қайта басталған.

"Жау жегілікті уақыт бойынша 00:04 пен 02:45 аралығында солтүстік бағытта және 02:20 мен 02:45 аралығында оңтүстік бағытта артиллериялық шабуыл жасады", – деді Армения Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Шушан Степанян 18 қазан күні Twitter-парақшасында.

Әзербайжан тарабынан жауап әлі болмады.

Бір күн бұрын Армения мен Әзербайжан атысты тоқтату туралы жаңа бітім жасасқанын мәлімдеген. Мұндай мәлімдеме екі елдің Сыртқы істер министрлігі сайттарында 17 қазан күні жарияланды. Бітім түнгі 12:00 уақытында күшіне енген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, екі мемлекет бұған дейін де атысты тоқтату туралы жасаған бітімді бұзған болатын. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары