$ 444.22  476.38  4.82

Иранда халықаралық қылмыстық топ анықталды

Иран билігі есірткіні заңсыз сатуға қарсы миллиондаған доллар қаржы жұмсап, жылдар бойы күресіп келеді.

Олар қару-жарақ, оқ-дәрі және есірткі сатумен айналысқан, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Қамалғандардың арасында 2 шетел азаматы бар. Бұл туралы осы елдің Барлау министрлігінің өкілдері хабарлады. Қылмыстық топты құрықтау операциясы кезінде жарты мыңнан астам мылтық, тапанша және 520 келі героин тәркіленген.

 Айта кетейік, Иран билігі есірткіні заңсыз сатуға қарсы миллиондаған доллар қаржы жұмсап, жылдар бойы күресіп келеді. Бірақ бұл операциялар әлі нәтижесіз. Сарапшылардың айтуынша, есірткі заттары негізінен Ауғанстаннан тасымалданады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары