$ 494.87  520.65  4.91

АҚШ-та тұтынушылар Facebook компаниясына қарсы шағым түсірді

Фейсбуктың әрекетінен тұтынушылар жапа шегуде.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

 АҚШ-та 46 штат «Фейсбукке» қарсы шағым түсірді, деп хабарлайды 24kz

Олар технологиялық алпауыт монополияға қарсы заңды бұзды деп айыптап отыр. Нақтырақ айтақанда, «Фейсбук» өзінің нарықтағы басмдығын пайдаланып WhatsApp пен Instagram-ды сатып алған.

 Шағымданушылар бірлестік өз беделін сақтау үшін ондаған жыл бойы бәсекелестеріне қарсы түрлі айла-шарғы қолданып келеді дейді. «Фейсбук» «Инстаграмды» 2012, ал «Уотсапты» 2014 жылы сатып алған. 

«Фейсбуктың әрекетінен тұтынушылар жапа шегуде. Себебі компания нарықтағы бәсекелістікке кедергі келтіріп отыр. Сондықтан еркін бәсекелестік орнау үшін бұл алпауыттың қазіргі саясатына қарсы тұру керек шығар», - деді Нью-Йорк қаласының бас прокуроры Летиция Джеймс.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#арыз #Facebook #АҚШ