$ 494.87  520.65  4.91

Францияда 15 желтоқсаннан бастап коменданттық сағат енгізіледі

Француз Үкіметінің басшысы баспасөз мәслихатында мәлімдегендей, соңғы күндері елде тіркелген коронавирус жағдайларының саны біршама өскен.

Францияда 15 желтоқсаннан бастап коменданттық сағат енгізіледі. Кешкі 20.00-ден таңғы 06.00-ге дейін үйден шығу шектеледі, деп хабарлайды РИА Новости.

Француз Үкіметінің басшысы баспасөз мәслихатында мәлімдегендей, соңғы күндері елде тіркелген коронавирус жағдайларының саны біршама өскен. 

«Біз жаңа кезеңге өтіп жатырмыз, бірақ ережелер біз ойлағаннан да қатаң болады. 15 желтоқсаннан бастап коменданттық сағат енгіземіз. Бір жағынан, ол бұрын айтылғандай 21.00 емес, 20.00-ден бастап әрекет етеді. Екінші жағынан, ол қатаң бақылауда болады», - деді Үкімет басшысы Кастекс.

Француз билігі 15 желтоқсаннан бастап ашуды жоспарлаған мәдени мекемелер, оның ішінде мұражайлар, кинотеатрлар, театрлар кем дегенде тағы үш апта - 7 қаңтарға дейін жабық болады.

Еске салайық, Францияда 30 қазаннан бастап карантин: барлар, мейрамханалар, мәдени мекемелер жабылды. 

Эпидемия басталғаннан бері Францияда 2,3 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырды, 56 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары