$ 494.87  520.65  4.91

Еуроодақтың алдағы 7 жылға арналған бюджеті бекітілді

Осы күзде Венгрия мен Польша коронавирус дағдарысымен күресуге бөлінетін қаражатты қабылдамай тастаған еді.
фото: inform. kz
фото: inform. kz

Еуроодақ елдерінің басшылары алдағы жеті жылға арналған бюджетті бекітті. Бұл туралы Еуропалық кеңестің басшысы Чарльз Мишель мәлімдеді, деп жазды "Хабар 24".

Айтуынша, оның көлемі шамамен 2 триллион еуро. Соның 750 миллиарды коронавирус пандемиясынан зардап шеккен экономиканы қайта қалпына келтіруге бағытталмақ. 

Осы күзде Венгрия мен Польша коронавирус дағдарысымен күресуге бөлінетін қаражатты қабылдамай тастаған еді. Будапешт пен Варшава өкілдерінің айтуынша, бұл құқықтық мемлекет принципін сақтауды қамтамасыз ететін арнайы механизм енгізуге қарсы қадам. Өйткені аталған механизм бойынша құқықтық саланы шектейтін елдерге қаржыландыруды тоқтату қарастырылған болатын. Соған қарамастан, бюджет жоспары толыққанды бекітіліп отыр. Алайда одаққа мүше елдердің ортақ мәмілеге қалай келгені әзірге белгісіз.

"Біз Еуропалық кеңестің қорытынды мәлімдемесінде бюджетті қорғау, оны бақылау, алаяқтық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен Заң үстемдігі арасындағы айырмашылықтар көрсетілетін баптар болады деп отырмыз", - деді Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий.

"Біз құрлықтың бірлігі үшін күресіп келеміз. Індеттің экономикалық салдарынан миллиондаған адам көмекке мұқтаж болып отырған шақта азаматтардың денсаулығын сақтап қалудың сенімді жолын табуымыз қажет", - деді Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан.

Айта кетейік, Экономиканы қалпына келтіру қоры 2052 жылға қарай өтелуі тиіс еурооблигацияларды шығару негізінде құрылады. Бірақ жалпы еуропалық қарызды қайтару үшін жаңа салықтар енгізілмек екен. Одан түскен кіріс Еуроодақ бюджетіне тікелей кетеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары