$ 494.87  520.65  4.91

Коронавирустың «британдық» штамы әлемнің 41 елінде анықталған

Германия билігі де шектеу шараларын кеңейтіп жатыр.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

2021 жылдың 5 қаңтарынан бастап Ұлыбританияда үшінші рет қатаң карантинге жабылды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысының Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Елде тәулігіне індетті жұқтырғандардың 60 мыңнан астам жаңа деректері тіркелуде.  Ұлыбритания үкіметінің бас медициналық кеңесшісі Крис Уиттидің айтуынша, Англияда әрбір 50 адамның біреуі коронавирустық инфекцияны жұқтырған.
 ⠀
Германия билігі де шектеу шараларын кеңейтіп жатыр.  Германия Канцлері Ангела Меркель жалпыұлттық карантинді қаңтардың соңына дейін ұзартатынын және індеттің таралуын тоқтату үшін жаңа, қатаң шаралар енгізілетінін мәлімдеді.  Дүкендер мен мейрамханалар, сондай-ақ мектептер қаңтардың соңына дейін жабық, оқушылар қашықтықтан оқуға ауыстырылған.
 ⠀
Франция мемлекеті екпе егу қарқынын жеделдетуге тырысуда. Ел тұрғындары арасында екпеге күмәнмен қараушылар басым, сондықтан Францияда вакцинация көршілес Еуропа елдеріне қарағанда әлдеқайда баяу жүруде - екпе қабылдаған адамдардың саны 3000 аспайды. Германияда қазірдің өзінде 270 мыңға жуық адам екпе алса, Ұлыбританияда миллионнан астам адам екпелерін алған.
 ⠀
Қазіргі таңда COVID-19 коронавирусының «британдық» штамы әлемнің 41 елінде анықталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары