$ 494.87  520.65  4.91

ЕО агенттігі екінші вакцинаны мақұлдады

Былтыр қарашада Еурокомиссия Moderna вакцинасының 160 миллион дозасын сатып алу туралы келісім жасасқан болатын.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com


 Дәрілік заттар жөніндегі еуропалық агенттік Еуроодақ аумағында Moderna компаниясы әзірлеген коронавирусқа қарсы вакцинаны мақұлдады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Аталған ұйым мұндай шешімге жаңа дәрінің сапасы, қауіпсіздігі және тиімділігін жіті тексергеннен соң келген. Жалпы былтыр қарашада Еурокомиссия Moderna вакцинасының 160 миллион дозасын сатып алу туралы келісім жасасқан болатын.

Ескерте кетейік, қазіргі таңда кәрі құрлықта Pfizer мен BioNTech жасап шыққан вакцина қолданылып келеді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары