$ 498.34  519.72  4.85

Сот Навальныйды қамауға алу туралы шешім шығарды

Навальный тергеу изоляторында оның шартты мерзімі нақты мерзімге ауыстырылатынын шешетін отырысты күтеді.
Фото: Риа Новости
Фото: Риа Новости

Сот ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйды 30 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Алексей Навальный 2021 жылдың 15 ақпанына дейін 30 күнге қамауға алынды", - деп жазды оның адвокаты Вадим Кобзев Twitter-дегі парақшасында.

Навальный тергеу изоляторында оның шартты мерзімі нақты мерзімге ауыстырылатынын шешетін отырысты күтеді. Ол 29 қаңтарда Мәскеудің Симоновский сотында өтеді жоспарланған.

Мұның алдында Навальный Германиядан оралғаннан кейін Мәскеудегі Шереметьево әуежайында ұсталғаны хабарланған еді. Ол онда уланғаннан кейін емделген болатын.

Осыдан кейін, қорғаушы тарап мәліметтері бойынша, ол Шереметьевоға жақын үлкен қала Химкидегі полиция бөліміне жеткізілген. FSIN мәліметтері бойынша, ол шартты түрде сотталған ретінде сынақ мерзімін бірнеше рет бұзғаны үшін ұсталыпты.

Навальныйдың екі шартты соттылығы бар. Біріншісі, "Кировлес" ісі бойынша 16 миллион рубльден астам шығынмен байланысты; екіншісі, "Ив Рошер" ісі бойынша - 30 миллион рубльден аса ақша жымқырумен байланысты. Ол бұл қудалаудың саяси астары бар деп есептейді және кінәсіз екенін айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары