$ 494.87  520.65  4.91

Чехия 30 қаңтардан бастап шетелдіктер үшін шекараларын жапты

Франция Еуропалық Одаққа мүше емес барлық мемлекеттердің азаматтары үшін шекараларын жапты. Ерекшеліктер тек құжатпен дәлелденген себептер болған жағдайда ғана жасалады.


 Санкт-Петербургте карантиндік шектеулер ішінара жеңілдетілмек. Кафелер, барлар мен мейрамханалар тәулік бойы жұмыс істей алады, кинотеатрлардағы, цирктердегі және концерт залдарындағы рұқсат етілген сыйымдылық 50 пайызға дейін көтерілмек, зообақтар мен аквапарктер ашылады, мұражайлар, көрмелер, театрлар мен мұз айдындарының жұмысы қайта жанданады. Спорттық шаралардағы көрермендер мінберінің жартысын толтыруға рұқсат етіледі, бірақ көрермендер саны 15 мыңнан аспау керек.

 30 қаңтардан 17 ақпанға дейін Германияға Ұлыбритания, Португалия, Ирландия, Бразилия және Оңтүстік Африка мемлекеттерінен келушілер үшін кіруге тыйым салынды. Тек аталған мемлекеттерден оралған Германия азаматтарына және елде тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктерге ғана рұқсат  беріледі. Бірақ азаматтар Германия федералды полициясына өздерінің келу туралы кем дегенде үш күн бұрын хабарлаулары талап етіледі.

 Вирусолог мамандардың ескертулеріне қарамастан, Италия билігі 1 ақпанда бірқатар аймақтарда эпидемияға қарсы режимді жеңілдетуге ниетті. 11 провинцияда қызғылт қауіптілік деңгейі сарыға өзгертіледі. Мысалға, бұл аймақтарда тамақтандыру орындары ашылады. Италияда эпидемия басталғаннан бері 2,5 миллионнан астам адам індетті жұқтырған, 88 мыңға жуық адам қайтыс болған.

Чехия 30 қаңтардан бастап шетелдіктер үшін шекараларын жапты. Елге кіруге өте қажет болған жағдайда ғана рұқсат етіледі, атап айтқанда, оқуға, жұмыс істеуге, Чехияда тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер, сондай-ақ жақын туыстарын зиярат етуге, медициналық көмек алу үшін келетін, үйлену тойына немесе жерлеуге шараларына шақырылған шетелдіктерге рұқсат бар.

 Франция Еуропалық Одаққа мүше емес барлық мемлекеттердің азаматтары үшін шекараларын жапты. Ерекшеліктер тек құжатпен дәлелденген себептер болған жағдайда ғана жасалады. Ел ішінде карантиндік шаралар да күшейтілуде. Атап айтқанда, азық-түлік дүкендерін қоспағанда, ауданы 20 мың шаршы метрден асатын сауда орталықтары жабылады. Полиция мен жандармерияға санитариялық ережелердің сақталуын бақылауды күшейту туралы бұйрық берілді.

Дереккөз: https://web.telegram.org

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары