Әлем 08.02.2021 сағат 15:20

Джо Байден Трамп қабылдаған тағы бір заңның күшін жойды

Дональд Трамп билікке келгенде, заңсыз миграцияға тосқауыл болу мақсатында көші-қон саясатын қатаңдатқан еді.
Джо Байден Трамп қабылдаған тағы бір заңның күшін жойды
фото: vlast.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Джо Байден Дональд Трамптың көші-қон саласындағы жарлықтарының күшін жойып, босқындарды қабылдау квотасын арттыра бастады, деп жазады qazaqtimes.com сайты. 

Биыл АҚШ 125 мыңға дейін мигрантты елге кіргізбек.

Бұған дейін Байден АҚШ-қа бала кезінде келген заңсыз келімсектерді алдағы 3 ай бойы елдеріне департацияламау туралы қаулыға қол қойған. Бірақ Техас соты жаңа президенттің бұл шешімін екі аптаға бұғаттап тастады. Техастың бас прокуроры Кен Пакстонның айтуынша, жаңа заң штат экономикасына орасан зор шығын әкеледі. Байден әкімшілігі Техас сотына қарсы шағым түсіретінін айтқан.

2016 жылы Дональд Трамп билікке келгенде, заңсыз миграцияға тосқауыл болу мақсатында көші-қон саясатын қатаңдатқан еді. Мәселен, сол жылы АҚШ жылына 85 мыңға дейін босқынды қабылдай алатын болса, Трамп бұл көрсеткішті 15 мыңға дейін шектеген. Заңсыз миграциямен күрес, АҚШ-тың оңтүстік шекарасында дуал тұрғызу – Трамптың сайлауалды кампаниясы кезінде берген уәделері.

Конгресс президенттің бұл бастамаларын қаржыландырудан бас тартқан. Мұнан соң Трамп Мексикамен шекарада төтенше жағдай жариялап, қаржыны Пентагон мен басқа да ведомстволардан алды. Орталық Америка елдерінің тұрғындары миграциялық саясаттың қатаңдағанына қарамастан, елдеріндегі кедейліктен Америкада амалсыз бас сауғалауға мәжбүр.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар