$ 494.87  520.65  4.91

АҚШ-та Трампқа қарсы импичмент процесі басталды

Президентке импичмент жарияланатын болса, ол мемлекеттік қызмет атқарудан шеттетіледі.
фото: pravda.com.ua
фото: pravda.com.ua

АҚШ Конгресінің Сенаты Дональд Трампқа қарсы екінші импичмент процесін бастады, деп жазады qazaqtimes.com

Егер бұрынғы президентке импичмент жарияланатын болса, ол мемлекеттік қызмет атқарудан шеттетіледі. Трампты айыптау қарарында бір ғана бап бар – «бүлікке шақыру». Республикалық заңгерлер оның митингтегі сөздері қақтығыстарға себеп болған жоқ деп санайды. Өйткені наразылық білдірушілер өз еркімен Капитолий ғимаратына шабуыл жасаған.

Сарапшылардың пікірінше, сайлаудағы жеңіліс, Сенаттағы спикерлердің азаюы Республикалық партияның бөлінуіне әкелуі мүмкін. Биліктен шеттету рәсімінің басталуы Капитолий қақтығысымен байланысты. 7 қаңтар АҚШ Конгресі сайлаушылардың дауысын есептеп, 2020 жылғы президент сайлауының қорытындысын шығару үшін жиналған болатын.

Сайлауда демократтар партиясының өкілі Джо Байден жеңіске жеткен еді. Алайда бұған дейінгі президент Дональд Трамптың жақтастары жаппай наразылық акциясын бастап, олардың бір тобы Конгресс ғимаратына басып кірді. 3 қарашада өткен президент сайлауында ресми нәтиже бойынша 306-232 (электорлар дауысы) есебімен Джо Байден жеңіске жеткен. Бірақ Трамп сайлау нәтижесін мойындаудан бас тартты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары