$ 448.89  477.93  4.76

Билл Гейтс әлемді құтқару әдістерінің бірін атады

Бұған дейін Билл Гейтс адамзат үшін климаттық бейтараптыққа қол жеткізу ең қиын міндет деп атаған еді.

Microsoft компаниясының негізін қалаған миллиардер Билл Гейтс бай елдер адамзатты климаттық апаттан қалай құтқара алатынын жариялады, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Technology Review басылымына сілтеме жасап.  

«Барлық бай елдер 100% синтетикалық сиыр етін тұтынуы керек деп санаймын. Сіз оның дәміне үйренесіз. Өндірушілер де уақыт өте келе мұндай еттің сапасын жетілдіреді», – дейді Гейтс. 

Оның ойынша, өсімдік ақуыздарын тұтынуға көшу мал шаруашылығы салдарынан ауаға бөлінетін метан шығарындыларын азайтуға зор септігін тигізеді. Бұған дейін Билл Гейтс адамзат үшін климаттық бейтараптыққа қол жеткізу ең қиын міндет деп атаған еді. 

Миллиардердің пікірінше,климаттық бейтараптыққа қол жеткізу үшін адамзат парниктік газдардың шығарындыларын азайтуы тиіс. Яғни ол көмір, мұнай және газды жағуға негізделген энергия өндірісі қысқаруы керек дегенді меңзеді.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары