$ 494.87  520.65  4.91

Путин «ең басты қатер» жайлы айтты

Ресей өз аумағында да, одан тыс жерлерде де экстремизмге қарсы күрес жүргізіп жатыр.

Ресей президенті Владимир Путин терроризмді ең қауіпті қатер деп атап, онымен күрес Сирияда да жүріп жатқанын атап өтті, деп хабарлады sputnik.kz РИА Новости дерегіне сілтеме жасап.

Терроризм үшін сотталғандарды түрмеде қалай ұстайды?

"Ең алдымен тұрақты жинақылық, алдын ала ойластырылған жедел іс-әрекеттер ең өткір, ең қауіпті қатерге – терроризмге қарсы күресті талап етеді", - деді Путин Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) алқа мәжілісінде.

Ресей өз аумағында да, одан тыс жерлерде де экстремизмге қарсы күрес жүргізіп жатыр.

Президенттің айтуынша, өткен жылдың желтоқсанында Шешенстан мен Ингушетия аумағында қылмыс жасаған соңғы ұйымдасқан бандалар тобы жойылды, шет елдерде, соның ішінде Сирияда жұмыс атқарылып жатыр.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары