27.02.2021, 18:13

Джо Байден Иранға ескерту жасады

АҚШ қарулы күштері Сирияның Иракпен шекаралас ауданында әуеден соққы жасаған еді.

АҚШ президенті Джо Байден Иранға ескерту жасады, деп хабарлайды «Адырна» порталы.

"Бұл әрекет жазасыз қалмайды. Сақ болыңыз", - деді ол журналистерге берген сұхбатында.

Айта кетейік, АҚШ қарулы күштері Сирияның Иракпен шекаралас ауданында әуеден соққы жасаған еді. Шабуыл туралы бұйрықты АҚШ президенті Джо Байден берді. Салдарынан 17 адам қаза тапты.

Иран АҚШ-тың бұл әрекетін халықаралық құқықтың бұзылуы деп атады.

Ал Ақ үй әкімшілігі операция АҚШ әскері мен Ирактағы коалицияға жасалған шабуылға қарымта жауап болғанын атап өтті.