28.02.2021, 19:13

АҚШ-та әрбір тұрғынға 1400 доллардан ақша берілмек

фото: pixabay. com
Жалпы бүкіл бағдарламаға 2 триллион доллар мөлшерде қаражат жұмсалады.

АҚШ Конгресінің өкілдер Палатасы Джо Байден әкімшілігі әзірлеген дағдарысқа қарсы шаралар топтамасын қолдап отыр, деп хабарлайды 24kz.

Бұл құжат ел тұрғындарының әрқайысына 1400 доллар мөлшерінде жәрдемақы төлеуді қарастырып отыр.

Сондай-ақ коронавирусқа тестілеуге 50 миллиард, ал вакциналауға 20 миллиард доллар бөлу көзделген. Жалпы бүкіл бағдарламаға 2 триллион доллар мөлшерде қаражат жұмсалады.

Бұл АҚШ Жалпы ішкі өнімінің 10 проценті. Демократтар осы шараларды бір ауыздан қолдады. Ал мұны тым қымбат санаған Республикалық партия өкілдері қарсы дауыс берді. Енді бұл құжаттың тағдырын Сенат шешетін болды.

"Уақытты текке өткізуге болмайды. Қазір тез әрі табанды қимылдасақ, бұл вирусты жеңе аламыз. Ақырындап экономикамызды да қайта іске қосамыз", — деді АҚШ президенті Джо Байден.