$ 494.87  520.65  4.91

Бас дәрігер бетпердесіз жүргені үшін қарамағындағы қызметкерді соққыға жыққан (ВИДЕО)

Мәлім болғандай, қызметінен алынған бас дәрігердің аты-жөні - Рустам Убайдуллаев.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Әндіжан облысындағы Шахрихан орталық аудандық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы қарамағындағы қызметкерді ұрғаны үшін жұмысынан қуылды, деп хабарлады kznews.kz. 

Мәлім болғандай, қызметінен алынған бас дәрігердің аты-жөні - Рустам Убайдуллаев, ал соққыға жығылған рентген-кабинетінің қызметкері Султонмурод Абдунабиев болған.

Бір ай бұрын ғана бас дәрігер міндетін атқарушы қызметіне тағайындалған 34 жастағы Рустам Убайдуллаев оқиғаны былай баяндап берді:

"Сол күні мен ауруханада кезекшілік еттім. Барлық аурухана үшін жауапкершілік менің мойнымда. Сол күні бір отбасынан 4 адам күйік шалып ауруханаға түсті. Қабылдау бөліміне барсам, фельдшер-лаборант халатының алды ашық, маскасыз отыр. Мен оған "маскаң қайда?" дедім. Ол "жоқ" деп жауап берді. Мен "онда шық кабинеттен" дедім. Ол менен дұрыс қарым-қатынас талап етті. Содан кейін ашуланып, дөрекілік танытқаным рас", - деді дәрігер.

Ал жәбірленуші, 29 жастағы фельдшер Султонмурод Абдунабиев оқиға жайында:

"8 наурыз күні мен кезекшілікте болдым. Түнгі 11-ден кейін таза ауа жұтуға есік алдына шықтым. Сосын қабылдау бөлмесіне бардым. Сол жерде әріптестеріммен сөйлесіп тұрғанда, Рустам Убайдуллаев кіріп келді. Біз амандастық. Сосын ол маған неге маскасыз жүрсің деді. Мен кабинетке қалдырып кеттім дедім. Сосын ол мені балағаттап, ауруханадан қуа бастады. Мен одан мәдениеттілік талап етіп, өз кабинетіме кетіп бара жатқанымда, қуып жетіп, мені ұрды. Дәлізге шыққанда, ол жұдырығын тағы бір сермеді", - деді.

Әндіжан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Салохиддин Юсупов бұл оқиға жөнінде Рустам Убайдуллаев қызметінен алынғанын, оның басқа ауруханаға ауыстырылатынын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары