$ 444.22  476.38  4.82

Велосипедпен әлемді шарлаған саяхатшы үйіне жақын жерде қаза тапты

Рой Садан 2007-2011 жылдары 66 мың шақырым жүріп өтіп, 42 елге саяхат жасаған.
Фото: instagram/roeisadan
Фото: instagram/roeisadan

Велосипедпен әлемді шарлаған израильдік саяхатшы Рой Садан үйінің қасында жол апаты салдарынан қайтыс болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

7 Kanal мәліметінше, апат Рош-ха-Никра коммунасына кіре берісте, Саданның үйіне жақын жерде болған. 39 жастағы саяхатшы велосипедпен келе жатқанда автобус қағып кеткен. Екі күннен кейін Нагариядағы Галилея медицина орталығының дәрігерлері оның қайтыс болғанын айтты.

Рой Садан 2007-2011 жылдары 66 мың шақырым жүріп өтіп, 42 елге саяхат жасаған. 2015 жылы саяхатшы Үндістандағы тасқын салдарынан қатты жарақат алған. Сол кезде ол комада бір ай жатқан, бірақ аман қалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары