$ 444.22  476.38  4.82

Үндістанда коронавирустың тағы бір жаңа штамы анықталды

Марқұмдардың денесін өртейтін крематорийде кезек пайда болған.
Фото: finversia.ru
Фото: finversia.ru

Мамандар әзірге оның қаншалықты қауіпті екенін айта алмай отыр. Бұған дейін елде вирустың қос мутацияға ұшыраған түрі шыққан еді. Ол қазір Үндістаннан бөлек, АҚШ, Швейцария, Сингапурда да тіркелді, деп хабарлайды Хабар 24. 

Үнді еліндегі ауруханаларда орын тапшы. Марқұмдардың денесін өртейтін крематорийде кезек пайда болған. Мадпрадеш штатында ковид-науқастардың туыстары аурухана қоймасынан оттегі баллондарын ұрлап кеткен.  

"Бұл адамдар баллондарды ұрлағанда не туралы ойлағанын түсінсем бұйырмасын. Ал жарайды, оларды әкетті дейік, қалай қолданатынын қайдан біледі? Бұл енді тіптен ақылға қонымсыз әрекет болды. Медицина қызметкерлері мында күн демей, түн демей жұмыс істеп жатыр. Ал науқастардың туыстарының қылығы мынау. Оларға ескерту жасаудан қалдық. Өйткені бізге қарсы күш қолданамыз деп қорқытады", - дейді  дәрігер Мамта Тимори.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары