$ 447.4  477.55  4.76

Уильям Шекспир вакцинадан көз жұмды

Әлемде коронавирусқа қарсы вакцинацияланған алғашқы адам британиялық Уильям Шекспир қайтыс болды, деп жазды Daily Mail.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Әлемде коронавирусқа қарсы вакцинацияланған алғашқы адам британиялық Уильям Шекспир қайтыс болды, деп жазды Daily Mail.

Басылымның мәліметінше, Шекспир коронавируспен байланысы жоқ аурудан болған инсульттан көз жұмған. Ер адам 2020 жылдың желтоқсан айында Coventry университет клиникасында Pfizer препаратымен вакцинацияланған. Оның алдында әлем бойынша вакцинацияланған алғашқы әйел Маргарет Кенан екпе салдырған болатын.

Хабарламада айтылғандай, 81 жастағы ер адам ауруханада инсульттан қайтыс болған. Шекспирдің әйелі көзі тірісінде күйеуі әлемде алғашқылардың бірі болып вакцинация алғанын ерекше мақтан тұтқанын айтты.

Ол мұны  өте мақтан тұтатын еді, жаңалықтардан өзінің вакцина алғанына қатысты айтылса, үзбей көретін. Ол қаншама адамның өміріне өзгеріс енгізгеніне қуанатын. Ол бұл туралы адамдармен жиі сөйлесетін және әрқашан бәрін вакцина алуға шақыратын, - деп еске алды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары