АҚШ президенті Джо Байден АҚШ-тың қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін Қытайдың 59 қорғаныс және технологиялық компанияларына инвестиция салуға тыйым салу туралы жарлыққа қол қойды. Құжат Ақ үйдің сайтында жарияланған.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Құжатта ҚХР әскери-өнеркәсіптік кешенінен келетін қауіпті қоса алғанда, елдегі төтенше жағдай проблемасын шешу үшін қосымша шаралар қажеттілігі туралы айтылады.
– Менің ойымша, Қытайдан тыс олардың бақылау технологияларын қолдану қауіп-қатер болып табылады, себебі оның дереккөзі АҚШ-тан тыс жерде,- делінген Джо Байден арызында.
АҚШ азаматтарына аталған қытай компанияларының биржада сатылатын кез келген бағалы қағаздарын сатып алуға немесе сатуға тыйым салынғаны атап өтілді.
АҚШ-тың қара тізіміне Huawei, Қытайдың авиациялық өнеркәсіп корпорациясының авиациялық қозғалтқыштардың ірі өндірушілері, аэроғарыштық ғылым және технологиялар корпорациялары, Қытайдың ұялы байланыс телекоммуникациялық компаниялары тобы, қытай телекоммуникациялық корпорациясы, Қытайдың атом энергетикасы саласында жұмыс істейтін корпорациялары, Қытайдың атом инженерлік корпорациясы және басқалары кіреді.