27.07.2021, 12:40

Қытайда тайфуннан 69 адам қаза тапты

Фото: ашық дерекөз
Жел жылдамдығы кей жерде секундына 30 метрге дейін жеткен.

Қытайдың шығысында соңғы жарты ғасырдағы ең жойқын дауылдан 69 адам көз жұмды, деп хабарлайды ЭК.

Риа Новости ақпарат агенттігінің жазуынша, жел жылдамдығы кей жерде секундына 30 метрге дейін жеткен. Соның салдарынан мектептер, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар жабылды. Әуе және теміржол қатынасы да тоқтады.

"Ин-Фа" тайфуны Қытай экономикасына 720 мың доллар шығын әкелді. Айта кетейік, кеше Токиоға да тайфун жақындап келе жатқанын жазған болатынбыз.