Суганда өзеніндегі паромда болған өрттен 38 адам қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бангладештегі оқиға жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат үштер шамасында болған.
«Қаза тапқандар саны бұдан да көп болуы мүмкін. Өйткені ауруханаға 50-ден астам адам түскен, кейбірінің жағдайы ауыр», – дейді Джалакати ауданының әкімшісі Зохор Әли.
Сонымен бірге бірқатар жолаушы із-түзсіз жоғалып кеткен.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.